Магистратураға түскісі келетін үміткерлер назарына!

2022 жылғы 15 қарашадан 18 қарашаға дейін ақылы негізде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша магистратураға түсуге ниет білдірушілер үшін кешенді тестілеуге тіркелу басталды.
Магистратураға қабылдау 2022 жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін жүргізіледі.
Тұлғаларды ғылыми-педагогикалық магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ үшін 150 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес КТ қорытындылары бойынша қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға жүзеге асырылады. Оқуға қабылдау үшін өту балы кемінде 75 баллды құрайды, бұл ретте шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл 7 ұпайдан төмен.
Қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейінді магистратураға адамдарды ақылы негізде қабылдау КТ үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес КТ қорытындылары бойынша қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейінді магистратураға жүзеге асырылады. Оқуға қабылдау үшін өту балы кемінде 50 балды құрайды, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл.

15.11.2022, 14:31
416 қаралым