Магистратура түлектеріне диплом табысталды!

1747 0

2021 жылдың 14 шілдесі күні ZOOM онлайн платформасында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Магистратура бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, бітіруші түлектерді диплом алуларымен құттықтап жас мамандарға ақ жол тіледі.

1747 1

Ары қарай құттықтау сөзді академияның Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасының басшысы Жақсылық Алихан Алтынханұлы, Жедел медициналық жәрдем және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова Айзат Ашимхановна, Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғам денсаулығы кафедрасының меңгерушісі Сарсенбаева Гүлзат Жанабаевна жалғастырды. Бітіруші түлектерге диплом беру туралы Бұйрықпен Н.Ахметов таныстырып өтті.

1747 2

Академияның белсенді үздік бітіруші Дүйсенбиева Меруерт Мейрамбекқызы ұстаздарға, түлектерге құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара бітіруші түлектер үшін арнайы дайындалған бейнероликпен жалғасты.

1747 3

Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз! Келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын!

14.07.2021, 05:01
886 қаралым