Маңызды жөнінде тағы бір рет...

ОҚМФА жастар денсаулық орталығы мен жатақхана қызметкерлері, 06.11.2015ж. студенттер мен дәрігер-интерндер арасында «Жұқпалы аурулардың алдын алу (АИТВ, вирусты гепатиттер, ЖЖБИ)» тақырыбына сұқбаттасу түрінде кездесу өткізді.

630 1 1

Соңғы жылдары Қазақстанда есірткіні егу арқылы қабылдайтындардың саны артты, олардың басым бөлігі жастар.

АИТВ жұқпасының тіркелген жағдайларының 74% есірткіні егу арқылы қабылдайтындар.  

630 2 2

Заманауи медицинаның тағы бір маңызды мәселесі – вирусты гепатиттер мәселесі, оны шешу бүкіл адамзат қауымы үшін маңызды. Соңғы он жылдықтарда жастардың арасында парентеральді гепатит В мен С саны артты.

Қазіргі таңда созылмалы гепатиттер мен олардың бауыр циррозы және қатерлі ісікке айналу мәселесі негізгі мәнге ие.

Бұл кездесудің мақсаты жастарымызға алдын алу іс-шараларының маңызы туралы тағы да еске салу арқылы, осы аурулардың алдын алуының түрлері мен әдістері жөніндегі білімдерін жаңарту және толықтыру болып табылды. Сол себепті, тақырып жайлы әңгіме өрбіткендегі басты міндет, интерактивті сұқбат арқылы жоғарыда аталған жұқпалы аурулардың алдын алу сұрақтарын жетік талқылау болды. Жалпы талқылауға белсене қатыса отырып, студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды және алдағы уақытта талқылағылары келетін, өздеріне өзекті тақырыптарды анықтай алды: «ЖЖБИ ерте клиникалық белгілері», «Жүктілікті жоспарлау» және «Онкологиялық патологияның қауіп факторлары». Сондай-ақ, студенттердің көпшілігі қарастырылған сұрақтардан толық хабардар болып, сауаттылық танытқандары қуантарлық жай.

630 3 3

Жастар осы кездесудің нәтижесінде қарастырылған мәселелерге деген қырағылықтары мен білім деңгейін арттырып, сол білімдірін алдағы уақытта салауатты өмір салтын насихаттауда және болашақ кәсібінде пайдалана      алады деп үміттенеміз.

Қорыта келгенде, АИТВ/АИТС, вирусты гепатиттер және ЖЖБИ мәселелері өзектілігін сақтап, алдағы уақытта да медицина қызметкерлерінің, орындаушы басқарманың назарын; қоғамды таралу, сақтану және алдын алу жолдары жайлы кеңінен ақпараттандыруды; салауатты өмір салтын насихаттауды талап етеді.

11.11.2015, 03:41
537 қаралым