«Мәңгілік ел – менің арманымдағы ел»

2016 жылдың 2 желтоқсан күні «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасы ОҚМФА жастар саясаты бөлімімен бірге «Мәңгілік ел – менің арманымдағы ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға облыстық ішкі саясат бөлімінің бастығы Сайранбай Е., қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Байғұлов Р., гуманитарлық-әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Кемелбеков Қ.Б., кафедра оқытушылары мен тәлімгерлік топтар студенттері қатысты.

882 1

Профессор Кемелбеков Қ.Б. студенттік жастар үшін «Мәңгілік ел» мәніне сипаттама беріп, сол орайда қазақстандықтардың ұлттық идеясының отансүйгіштік мәнін түсіндірді. Бес институционалды реформаларға көз жүгірте отырып, біздің өскелең ұрпақ қолда бар құндылықтарды сақтап және елдің болашағын құру керектігін атап кетті. 

405 ФРА тәлімгерлік топ студенттері Пак Алексей және Жамшид Арипов Тұңғыш Президент (Астана қ.) кітапханасы ұйымдастырған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингісінен алған әсерлерімен бөлісті. Олар «Ұлт жоспары – бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 қадамның» басты тапсырмалары туралы айтып өтті.   Студенттер қазақстандық арман – XXI ғасырдың көшбасшы-елдер қатарының отыздығына енуді жүзеге асыра алатын кәсіби және тәуелсіз мемлекет құруда жастардың алар орны маңызды екенін атап көрсетті.

Студенттер Мурамет Руниза және Куканов Амирхан, Кененбай Бағлан өздерінің баяндамасында әр ұрпақтың өз мақсаты бар екенін және онда әрқашан жеке баспен қоса отбасылық әл-ауқаттылыққа ұмтылыс, туған жерге деген махаббат, өз халқы және Отанының бақыты туралы ойлар көрініс табатынын  атап өтті. Біздің ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіз Қазақстан заманауи қазақстандықтар үшін көп ұлтты қоғамдағы шынайы құндылықтарға айналды.  

882 2

Бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауда институционалды реформаларды жүзеге асыруда фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы студенттерді үш тілде оқытуды жүргізеді, дуалды білім беру ішінде зертханалық сабақтар «Santo Member of Polpharma Group» компаниясының базасында жүргізіледі.  

Жақын және алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы ЖОО-ның профессорларын академиялық ұтқырлық бойынша шақыртулар, серіктес-ЖОО арасында студенттердің академиялық ұтқырлығы олардың кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде қалыптастыруға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. 

882 3

Дөңгелек үстел бағдарламасын аяқтай келе, академияның жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Г.Д. Оразымбетова планетамызда өмір сүретін әр адам өз халқы, елі, жері және тарихы үшін мақтаныш сезімін бастан кешетінін атап өтті. Біз бүгінде өткенімізді есте сақтау, бүгінімізді білу, келешегімізді қалыптастыруымыз керек. 

08.12.2016, 05:49
592 қаралым