Мәңгілік ел Қазақстан – ортақ шаңырақ мекені!
2016 жылдың 29 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының үлкен мәжіліс залында академияның жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік -қоғамдық пәндер» кафедрасы мен Қазақстан халықтар ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КММ қатысуымен 1 наурыз - Қазақстан Республикасы Халықтар ассамблеясының құрылу күні аясында «Алғыс айту» күніне арналған «Мәңгілік ел Қазақстан – ортақ шаңырақ мекені!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға академия басшылары, этномәдени бірлестік төрағалары, ОҚО Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының маманы С.Асилов, «Қоғамдық келісім» КММ этномәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Е.Ж.Өтегенов қатысты.
Басқа ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері мен ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырылып, қазақ, түрік, қырғыз, өзбек, татар, грузин, кәріс, ұйғыр ұлттарының мәдени мұралары паш етілді. Студенттердің дайындаған көрмесін арнайы әділ қазылар бағалап, «Ең үздік тағам», «Ең үздік ұлттық киім», «Ең үздік этнограф», «Ең үздік дастархан», «Ең үздік ұйымшыл топ» номинацияларымен марапаттады. Академиямызда білім алып жатқан орыс және өзбек ұлтының студенттері пікірлерін білдіріп, жас ақын Қ.Иембердиев айтулы күнге арнап өлең жолдарын жолдады. Түрлі этномәдени орталықтарынан келген өкілдердің орындауындағы ән мен би көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қазақ тілі мен латын тілі курсының ұйымдастыруымен академияның кіші мәжіліс залында «Алғыс айту» күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Онда Сталиндік, депортация кезеңдерінде қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған өзге этностардың тарихы сөз болды.
Іс-шара «Отырар», «Қазақстан-Шымкент» телеарналарынан көрсетілетін болады (қамтылған студенттер саны- 350).