М.ғ.д., проф. Сейтханова Бибігүл Төлегенқызының С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ-дегі Академиялық ұтқырлығы

2022 жылдың  3-15 сәуір аралығында  Алматы қаласында  С.Ж.Асфендияров атындағы  Қазақ ҰМУ-де  Академиялық  ұтқырлық аясында « Иммундық жауап» пәні бойынша төменде көрсетілген кестемен сабақтар өткізілді  және  әідістемелік ғылыми бағытта тәжрибе алмасу  жұмыстары  жүргізілді.
1. Ісікке қарсы иммунитет.
1.Трансплантациялық иммунитеттің негізі. Иммунобиотехнология заманауи биотехнология саласы ретінде.
3.Жоғары сезімталдық механизмі. Аутоиммундық аурулар. Вакцинопрофилактика, вакцинотерапия.
Пәннің  модулі  бойынша силлабустарды құрастыру структурасы принціпімен тәжрибе алмасу, модулді жүйе бойынша  оқытудың  бірыңғай нәтижелерін  өңдеу принциптерімен танысу,  бақылау құралы ретінде интеграцияланған чек парағын  дайындау (тест тапсырмалары,ситуациялық есеп, тәжірибелік дағдылар) модуь бойынша студенттердің  білімін бағалау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Иммунология  және аралас пәндер бойынша модуль контентінің   соңғы жетістіктерді өзектендіру бойынша тәжрибе алмасып молуль контенті  дайындалды. (Ғылыми мақалаларды  талдау) кафедрада ғылыми сағат ұйымдастырылды. Студенттердің ғылыми  жұмысын ұйымдастыру  бойынша  студенттер  арасында  Gournal Club ұйымдастырумен  тәжірибе алмасу  (студенттер арасында   сарапталған  Импакт факторы жоғары журналдардағы  ғылыми мақалаларды талдау және   призентация жасау) жұмыстары жүргізілді.
2022-2023 оқу жылында кафедра меңгерушісі   м.ғ.к. Битанова Э.Ж мен бірлесе отырып қазақ және орыс тілдерінде резиденттер үшін  (Рак ауруы иммунотерапиясының  заманауи әдістері) атты оқулық шығару жоспарланды.

Сабақ өткізу сәтінен

Студенттерден   аралық бақылау қабылдау сәтінен

20.04.2022, 12:24
537 қаралым