Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» және «Көрісу» күні

«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» және «Көрісу (қауышу) күні» мерекесіне орай 15.03.2018ж. «Дәрілер технологиясы» кафедрасы тәлімгерлік топтармен: 5В110300 – «Фармация» мамандығының 301-302 ФҚ (А,Б), 306 ФР (А,Б), 307 ФР топ студенттерімен және ТжКББФ 0306000 – «Фармация» мамандығының 201-202 ФЖҚ топ оқушыларымен академиялық деңгейде мерекелік іс-шара өткізілді. 

1088 1

Мерекелік іс-шараға қатысқан қонақтар қатарында «ОҚМА» АҚ ұйымдастыру-экономикалық жұмыстар жөніндегі бірінші проректор Бапаев Жұмат Біллаһанұлы, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Анартаева Мария Ұласбекқызы, фармацевтика факультетінің деканы Жұмабаев Нарбек Жұмабайұлы және деканат ұжымы, техникалық және кәсіби білім беру факультетінің деканат ұжымы, кафедра меңгерушілері мен кафедралар ұжымы, сондай-ақ, тіркеу бөлімі, СМЖ бөлімі, кафедраның аса қадірлі ардагері Рысбекова Зоя Маткаримовна болды.

1088 2

Мерекелік дастархан барысында студенттердің орындауымен қазақтың халық әндері, мақал-мәтелдер, салт-дәстүрлер және ұлттық ойындары насихатталды, қатысушы қонақтар мен студенттер арасында викториналық ойын ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Кеш барысында ҚР Президентінің Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі бойынша «Тұсау кесер» дәстүрі орындалды. Кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Б.А. Сағындықова 401 ФКА тобының студенті Мұрат Эльвираның ұлының тұсауын кесті.

Мерекелік іс-шара соңында фармация факультетінің деканы Жұмабаев Н.Ж. және дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі Сағындықова Б.А. сөз сөйледі.  

21.03.2018, 05:01
283 қаралым