Ұлы Отан соғысы батырларымен кездесу

 

557 1 1

         29 сәуір Жеңіс күні мерекесі қарсаңында фармацевтикалық факультетінің 5 курс тәлімгерлік топтар студенттері фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы оқытушылары және студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.С. Баймбетовалармен бірге Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне барып, Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған айтулы датамен құттықтап қайтты.

557 2

 

         Кафедра профессоры А.О. Сопбекова соғыс ардагерлері А. Жандарбеков, Б. Төреханов, Б. Ирисметовтарды құттықтап, біздің ұрпаққа ардагерлердің өзімен кездесудің тамаша мүмкіндігі берілгендігін және біз      әлемдік тарихқа өз есімін, ұлтын және толықтай Қазақстанды енгізген өзіміздің отандастарымыздың батырлығы мен Отансүйгіштіктерін мақтан етуіміз керектігін атап өтті.

557 3

         Студенттер ардагерлерді аса құрметпен және қызығушылықпен  тыңдап, олардан соғыс жағдайлары туралы сұрап, ерекше ықыласпен орден мен медальдарын қызықтады. Соғыс ардагерлерін бейбітшілік заманда да ерен еңбектері үшін наградалармен марапаттаған. 

         Батырлардың әңгімесін тыңдап отырған студенттер көздеріне жас алды, себебі олардың соғыс туралы естеліктерін толқусыз тыңдау мүмкін емес.

         Сонымен бірге, батырлардың соғыс жолдарын жүріп өткен ұлы өмірлік тәжірибелерін және соғыс жылдарынан кейінгі халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру кезеңдерін және еліміздің ғылымы мен өндірісінің дамуына, мамандарды оқыту, даярлауда қосқан еңбектерін тыңдау ерекше қызығушылық тудырды.

557 4 4

         Белсенді студенттер баққа жеміс ағаштарын отырғызып, шаруашылыққа көмектесті: жер телімдерін өңдеп, көшеттер отырғызуға дайындады. Интерндер қарттардың денсаулықтары бойынша қызықтыратын мәселелеріне кеңес беріп, денсаулықтарын жақсартуға қажетті нұсқаулар жазып берді.

         Кездесу соңында белсенділер өздерінің қызықтыған сұрақтарына батырлардан әр жаңа жеңіс үшін күш беретін жауаптар алды. 

 

16.05.2015, 04:42
430 қаралым