«Лудоманияның зияндығын насихаттау», «Нашақорлыққа қарсы күрес», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдағы жастардың ролі», «Қаржылық сауаттылық» ж.б
2023 жылдың 11 қазан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Лудоманияның зияндығын насихаттау», «Нашақорлыққа қарсы күрес», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдағы жастардың ролі», «Қаржылық сауаттылық» және «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында студенттерге арналған ауқымды кездесу адалдық сағаты өткізілді.
Аталған шараны модератор, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының комплаенс офицері Пернебаев Нұрғали Алиханұлы жүргізіп, шақырылған қонақтарды таныстырды. Кездесуге Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Ермаханова Перизат Умирзаковна, Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Қарбеков Бауыржан Қанатұлы, Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Тілләбек Саян Аднабекұлы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы және жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастарды кеңінен тарту, тұлғалық өзін-өзі дамытуға, патриотизмге, парасаттылыққа, жастарды еңбекке спортқа баулу.
Ары қарай сөз кезегін алған мамандар жемқорлық факторларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, адалдық, парасаттылық құндылықтары жайлы, халық арасында АИТВ/ЖИТС пен нашақорлықтың, лудоманияның, маскүнемдіктің алдын алу жолдары мен маңызды белгілері, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және кереғар ағымдардың әдіс тәсілдері жайлы кеңінен таратып, айтып өтті. Және де аталған тақырыптар бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Іс шараның қорытындылаған модератор, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының комплаенс офицері Пернебаев Нұрғали Алиханұлы студенттерді парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ұстануға және жас ұрпақты кез-келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге, адал болуға шақырды.