«Лудомания – қазіргі қоғамның дерті» тақырыбында семинар-тренинг

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда жастар арасындағы нашақорлық пен құмар ойындарға тәуелділік мәселесі қазіргі таңда өзекті болып отырғанын атап өтті. Бұл әлеуметтік дерт қаншама отбасын ойрандап, жастарды қиын жағдайға душар етуде. Зерттеу нәтижелері бойынша елдегі 14 пен 28 жас аралығындағы жастардың әрбір бесінші бөлігі ойынға тәуелділіктен зардап шегетінін көрсетті (17,8%). «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасында медицина және фармация факультеттерінің 1 курс студенттері арасында «Салауатты өмір» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Лудомания қазіргі қоғамның дерті» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг «Психикалық денсаулық орталығының» дәрігері, психиатр-нарколог М.С. Одаманның қатысуымен өтті. Ол құмар ойынға тәуелділіктің белгілерін, ерекшеліктерін, жағымсыз жақтарын егжей-тегжейлі қамтитын мазмұнды баяндама жасады.
Семинар-тренингтің мақсаты: өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту, студенттердің өз құндылықтарын білуіне ықпал ету.
Құмар ойынына тәуелділік және оның даму кезеңдері, сондай-ақ тәуелділік қай сәттен бастап пайда болады , құмар ойындарға тәуелді адам қандай белгілерді көрсететіні талқыланды.
Тренинг соңында студенттер ақпараттан алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне қандай қорытынды жасағандарын айтып, осы тақырып бойынша қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.

21.11.2023, 16:21
465 қаралым