Литва денсаулық ғылымдары университетіндегі дөңгелек үстел (Каунас қ.)

2023 ж. 26-28 қыркүйекте Литва денсаулық ғылымдары университетінде (Каунас қ.) Erasmus+ арқылы ЕО қаржыландыратын және оқытушылардың әлеуетін арттыру және жоғары медициналық білім беруді реформалау үшін инновациялық жобаларды іске асыратын AccelEd («Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру») жобасы шеңберінде дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қолданбалы ғылымдар университетінің, Або академиясының (Финляндия) өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы және Қазақстанның медициналық университеттерінің (АМУ, ҚМУ, ҚазҰМУ, ОҚМА, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің) басшылары қатысты. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының командасын: Ахметова Алма Әбдікәрімқызы, Баймбетова Динара Әшірханқызы, Сейдахметова Айзат Әшімханқызы құрады. Іс-шараға қатысушыларды жоба үйлестірушісі, факультет деканы, Литва денсаулық ғылымдары университетінің (Каунас қ.) гериатрия бөлімінің профессоры Jūratė Macijauskienė алғы сөзбен қарсы алды.

Қазақстандық әріптестер «Мейіргер ғылымының эволюциясы: Аcceled жобасына дейін/кейін» атты баяндамаларымен таныстырды. ОҚМА командасынан атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша А.А.Сейдахметова баяндама жасады. Дөңгелек үстелде салыстырмалы талдау және жоба нәтижелерін ашық талқылау жүргізілді. Барлық қатысушылар идеялармен алмасу және зерттеу бойынша өткізілетін интерактивтер барысында топтарда жұмыс істеді, баяндамалар мен талқылау нәтижелерімен сөз сөйледі. Дөңгелек үстелде Jbi ұйымдарына қосылу, Қазақстанда орталық ашудың өзектілігі мен артықшылықтары туралы пікірталас өткізілді. Ашық ғылым мәселесі көтерілді, қатысушылар Қазақстанда мейіргер ғылымын дамыту үшін бірыңғай репозиторийдің ашылуын талқылады.
Stina Wallin (ABO), Hanna Hopia (JAMK), (Финляндия) «Халықаралық перспективалар: Скандинавиядағы PhD-де оқуға салыстырмалы көзқарас» тақырыбында баяндама жасады. Нью-Йорк қаласынан келген Bei Wu профессоры мейіргер мамандарының жүргізген зерттеулерінің тәжірибесімен, сапалы зерттеу әдістемесімен бөлісті. Профессор Žilvinas Dambrauskas, (LSMU) «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу ғылымын ілгерілету: дәлелдемелерді ұсыныстарға айналдыру» атты баяндама жасады.
Жоба серіктестері AccelEd жобасы аяқталғаннан кейін болашақты қалыптастыру, идеялар мен тұрақты прогреске деген көзқарасты талқылады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

03.10.2023, 15:44
410 қаралым