Литва денсаулық ғылымдары университетінде ғылыми тағылымдама, Каунас қ, Литва
Erasmus+ "AccelEd" жобасы аясында 01.03.2023 ж. пен 19.04.2023 ж. аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының магистранттары Ибрагимова Кумушбегим және Кеңесбек Диана Литваның LSMU денсаулық ғылымдары университетінде Каунас қ., Литва, ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: магистранттардың Қазақстандағы мейіргер ісі бойынша докторантурада оқуын жалғастырып, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру үшін құзыреттіліктерін дамытуға қызығушылықтарын арттыру.
Ғылыми тағылымдама барысында магистранттар Жапонияның Нагоя университетінің профессорларының - Жонас Круз, Назарбаев университетінің профессорларының- Паоло Колет лекцияларын тыңдады. Сондай-ақ, Жапониядан келген бакалавриат студенттерінің мейіргер ісінде жүргізілген сапалы зерттеулердің нәтижелері бойынша баяндамаларын тыңдады.
Магистранттарға басылымдарды, диссертацияларды және мақалаларды зерттеу үшін LSMU кітапханасындағы мәліметтер базасында жұмыс жасау үшін рұқсат берілді. Олар университеттік клиникалардың науқастарымен еркін сұқбаттасып, ұйымдармен, бөлімшелердің жұмысымен, құжаттамамен танысты.
Тәжірибелік дағдыларды пысықтау үшін студенттерге еркін қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқу-клиникалық орталықтарға барды. Бакалавриат студенттерінің ОҚКЕ қалай өтетінін бақылады. ОҚКЕ өткізу форматын білді. Оқыту мен бағалаудың жаңа интерактивті педагогикалық әдістерін меңгеру, ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру мақсатында студенттердің тәжірибелік сабақтарына қатысып, жұмыстарын бақылады.