«Life Sciences Invest. Partnering Russia»

Академияның ректоры, профессор Сексенбаев Б.Д. және ұйымдастыру және экономикалық жоспарлау жөніндегі проректор, профессор Махатов Б.К. 2015 жылдың 10-11 қараша Санкт-Петербург қаласында өткен «Life Sciences Invest. Partnering Russia» атты V жыл сайынғы халықаралық партнеринг-форум жұмысында қатысқан.

633 1 1

Бұл іс-шара Санкт-Петербургтің Үкіметі, Ресей Федерациясының Білім және Ғылым Министрлігі, Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрлігі, Ресей Федерациясының денсаулық сақтау Министрлігі қолдауымен және қатысуымен өтті.

Форум ұйымдастырушылары: БС «Медициналық және фармацевтикалық жобалар. XXI ғасыр», ОҚМФА-ның серіктес-оқу орыны болып табылатын Ресей Федерациясының денсаулық сақтау Министрлігінің «Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық академиясы» ЖКБ МББМ.

633 2 2

Форумның пленарлық отырыс шеңберінде қазіргі кезеңдегі дамуының фармацевтикалық ғылым мен білім беру дамыту перспективалары, жоғары оқу орындарыаралық кооперацияның өзекті мәселелері, инновациялық дәрілік препараттарды өндіріс үдерістің ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету, білім беру мекемелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдардың  коммуникациялық платформа мен желілердің құру және даму қағидалары деген мәселелер қарастырылды.

11 қарашада форум аясында сағат 10- 12-ге дейін СПХФА өнеркәсіптік дәрілер технологиясы факультетінің 70-жылдығына орай салтанатты мереке өтті.

633 3 3

Іс-шара алаңында Life Sciences саласындағы 350-ден астам мамандар, оның ішінде федералдық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының өкілдері, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттардың, білім беру мекемелердің өкілдері; дәрілік заттардың өңдеушілер мен өнім берушілердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, компаниялар-өндірушілер жоғары буынның басшылары; компания- әзірлеушілердің және инновациялық медициналық өнімдер мен жабдықтардың дистрибьюторлардың өкілдері; халықаралық және ресейлік биофармацевтикалық және медициналық компаниялардың өкілдері және т.б.

Бұл іс-шараға қатысу бизнесті дамыту және ғылыми жобаларды жүзеге асыруда  пайдалы болатына сенімдіміз.

14.11.2015, 00:05
521 қаралым