«Лидер ЮКГФА-2016» интеллектуалды-танымдық сайысы

2016 жылдың 29 қарашасында қазақ, орыс және латын тілддері кафедрасында «Лидер ЮКГФА-2016» интеллектуалды-танымдық сайысы өткізілді. Аталған сайыстың басты мақсаты – студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.

Сайысқа бірінші курс студенттері «Жалпы медицина», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша, ТжКББФ студенттері «Емдеу ісі» мен «Меірбике ісі» мамандықтарынан  қатысты.

873 1

Сайыс келесі кезеңдерден тұрды:

1 кезең – «Разминка» (тұрақты сөз тіркесі турасында білімдерін тексеру);

2 кезең –  «Кто лучше знает Казахстан?» (Блиц-сауалнама);

3 кезең – «Знаем русский» (тапсырмаларды орындау арқылы орыс тілінен білімдерін тексеру);

4 кезең – «Эрудит» (жартылай финал);

5 кезең – «Финальный» (финалистерге арналған әртүрлі санаттағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау).

873 2

Сайысқа қатысушылар күрделілігі әр түрлі дәрежедегі сұрақтарға жауап берді. Олардың тіл байлығы, ой шапшаңдығы, шешендік қабылеті, топ алдында  еркін сөйлеуі, тақырыпты аша және талдай білуі ерекше бағаланды.

Қызу күресте «Жалпы медицина» мамандығының 110-шы тобының студенті Тәжіхан Жұлдыз жеңіске жетіп, құрмет грамотасымен марапатталды.

02.12.2016, 01:15
421 қаралым