Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасында өткізілген әдістемелік семинар

Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл әлемдік қауымдастықтың ақпаратын дамыту дәстүрлі білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етеді. Осыған байланысты, 2019ж. 18 сәуір сағат 14.00-де «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруымен «Оқытудың интьерактивті әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

1370 1

Әдістемелік семинарға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Бейсембаева А.Д., ОҚМА «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасының доценті Серикбаева А.Ж., оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Балымова Ж.Қ. және кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

1370 2

Бейсембаева А.Д. және Серикбаева А.Ж. ғаламдық білім беру кеңістігіне кірігу, шығармашылық ойлауды дамыту, олардың қажеттіліктеріне сәйкес ғылыми жетістіктерді енгізу, студенттің өз іс-әрекетінің субъектісіне айналуына мүмкіндік жасау арқылы ұлттық білім беруді дамыту туралы өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп өзара талқылау жоғары деңгейде өтіп ұсыныстар айтылды. 

1370 3

Семинар ҚР білім беру саясатының өзекті мәселелерін талқылады. Семинарға қатысушылар мен қонақтар болашақ мамандарды даярлауды жетілдіру, білім берудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жаңғырту, оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіру бойынша және сонымен қатар, білім берудегі шетелдік тәжірибені талдау болды.

1370 4

25.04.2019, 03:00
357 қаралым