Әл-Фараби және Абай Құнанбаевтың рухани мұраларының сабақтастығы
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Әл-Фарабидің туылғанына 1150 жыл және Абай Құнанбаевтың туылғанына 175 жыл толуына орай, «Әл-Фараби және Абай Құнанбаевтың рухани мұраларының сабақтастығы» атты танымдық-шығармашылық кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Ұлы тұлғалардың өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айту.
Іс-шараны «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Еркінбекова Ә.С. жүргізіп, ғұламалардың ой-пікірлерінің сабақтастығы туралы айтып өтті. Кафедра мүшелері, ЖМ-05-19,ФӨТ-01-19, СТҚ-01-19 топтарының және шетел топтары студенттері қатысты.
Іс-шарада кафедра меңгерушісі Нұржанбаева Ж.О., оқытушылар Айдарбекова Ғ.С., Беккулова А.А., Өтегенов Б.Д., Нигматуллина Ш.Ш. сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.
Сонымен бірге, Әбу Насыр Әл-Фарабидің кітаптары, шығармалары, қанатты сөздері фотослайдтар түрінде көрсетілді.
Танымдық-шығармашылық кештің тәрбиелік құндылығы студенттердің «Ұлы дала» тұлғаларының рухани мұраларынан жастардың тағылым алуына мүмкіндік береді.
