«Критериалды бағалау» онлайн семинары

1570 1

2020 жылдың 22-23 және 29-30 қазан аралығында "Критериалды бағалау" тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Қазіргі білім беру үдерісіндегі критериалды бағалау жүйесі оқу мақсаттарын іске асыру дәрежесін анықтау және жоспарланған оқыту нәтижелеріне қол жеткізу тәсілі ретінде. Критериалды бағалаудың мақсаты, міндеттері, қағидаттары, практикалық маңыздылығы мен мүмкіндіктері қарастырылды. Білім алушылардың оқу бағдарламасына сәйкес оқу нәтижелеріне қол жеткізуін талдау үшін, оқытушы мен білім алушы арасындағы өзара байланысты белгілеу үшін, сондай-ақ оқу процесін ұйымдастыру мен оқу материалын игеру ерекшеліктерін анықтау үшін оқу процесіне китериалды бағалауды енгізу ұсынылады. Кафедралармен ашық диалог және семинар өткізу арқылы оқу үрдісіне критериалды бағалауды енгізу. Кафедраларда фокус-топтар құру. Кафедралардың ПОҚ критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және оқу процесінде қолдану.

Семинар материалдары сайтта, "ҚОТ"айдарында орналастырылған.

04.11.2020, 14:09
293 қаралым