Көрісу күні-Амал мерекесі
14.03.2024 ж. «Инженерлік пәндер» кафедрасы «Көрісу күні-Амал мерекесі» күніне орай ОҚМА ректоры бекіткен Наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, жаңаша атап өт у мақсатында құрылған жоспар бойынша іс-шарасы ұйымдастырылды.
14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады.
Шығыс елдерінің кезіндегі күнтізбесі бойынша наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал деп отырғанымыз Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. «Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді.
Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр. Көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп айту керек. Бұл күні ешкім ешкімге ренжімей, жайдары жүру керек. Көрісуге келмеген адамға «Көрісіп шықпады» деп реніш білдіру орынды саналады.
Осыған орай кафедра ПОҚ бір-бірін көрісу күнімен құттықтап, жылы лебіз-тілектерін білдірді. Оқытушылардың ізінен үлгі алып студенттерде достық лебізбен бір-бірін құттықтады.
Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!