Көрермен көзайымы – TONYBLAIR!

2021 жылдың 3 қараша күні, Қазақ тағамтану академиясының жанынан құрылған, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Нутрициология» кафедрасының ұйымдастырылуымен «COVID-19 и питания: новые акценты и приоритеты» атты Республикалық студенттік конференция өтті. Конференцияға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Әль-Фараби атындағы ҚҰУ, ОҚМА, АМУ, ҚДСЖМ Қазақстандық медицина университетінің магистранттар мен бакалавр-студенттері қатысты.

Конференция м.ғ.д, профессор Шарманов Төрегелді Шарманұлының алғы сөзімен басталды, сондай-ақ профессор Т.Ш. Шарманов конференцияға төрағалық етті. Конференцияға «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. П.Д. Утепов және кафедра магистрі, аға оқытушы Л.О. Байконсованың жетекшілігімен «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс шетел студенті Leishangthem Tonyblair «Пандемия кезеңіндегі шетел студенттерінің тәуліктік рационын бағалау» тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасады. Баяндамада шетел студенттерінің тәуліктік аз-мәзірінің химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы есептеліп, бағаланды.

Студент Leishangthem Tonyblair баяндамасы комиссия тарапынан жақсы бағаланып, конференцияға белсенді қатысқаны үшін «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды, сондай-ақ корпоративтік даму жөніндегі проректор У.М. Датхаевтың сертификатымен және де м.ғ.д, профессор Т.Ш. Шармановтың «ПИТАНИЕ ВАЖНЕЙЩИЙ ФАКТОР ЗДОРОВЬЯ ЧЕЛОВЕКА» монографиялық еңбегімен марапатталды. Студент Leishangthem Tonyblair жеңісімен құттықтаймыз! Ғылым жолында бағындырар белестері көп болсын!

09.11.2021, 17:14
468 қаралым