Коммерцияландыру және жобаларды басқару офисінің қызметкерлері Алматы қаласында өткен "Қысқы Ғылыми мектебіне" қатысты

Қысқы Ғылыми мектеп – академиялық қауымдастық пен студенттер арасында ғылыми білім мен зерттеу әдістерін таратуға арналған жыл сайынғы іс-шара. Оның мақсаты – ғылыми зерттеулерді жүргізу, деректерді өңдеу және гранттық жобаларды іске асыру саласында профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру.
"Қысқы ғылыми мектеп 2023", Алматы қаласында, 2023 жылғы 9 – 13 қаңтар аралығында өтті. Мектеп екі ұйымның: Алматы Менеджмент Университеті және Нархоз университеті ынтымақтастығы арқылы ұйымдастырылды. Ашылу салтанаты Нархозда өтті, ал жабылу іс-шарасы AlmaU атриумында өтті. Қысқы мектептің ашылу салтанатын AlmaU ректоры Гүлнара Куренкеева мен Нархоз Президенті Мирас Дәуленов өткізді. Мектеп барысында 15 спикер жалпы көлемі 84 академиялық сағат құрайтын дәрістер сериясын өткізді. Мектеп қорытындысында қатысушылар рейтингтік журналдарда жариялау үшін мақалалардың жобаларын дайындады. Іс-шара соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

16.01.2023, 14:17
414 қаралым