Колледжішілік World skills чемпионатының есебі
2024 жылдың 25.04 - 26.04. аралығында «Мейіргер ісі-1» кафедрасының ұйымдастыруымен «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінде «World skills-2024» колледжішілік чемпионаты өтті.
Конкурстың мақсаты:
• Білім алушылардың теориялық, практикалық білім деңгейін тереңдету және кеңейту;
• Кәсіби білімдерін, біліктері мен дағдыларын анықтау;
• Манипуляцияларды орындау дағдыларын бекіту;
• Белсенді тыңдау, сөйлеу, бақылау, есте сақтау, коммуникативтік, логикалық дағдыларын бағалау;
• Кәсіби қасиеттерді, жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
• Кәсіптің беделін арттыру.
Чемпионатқа «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша Әшірәлі Ж.М., Садыкова А.Т., Оразалы А.Қ., Ахмадбекова Т.О. және «Жалпы практика мейіргері» біліктілігі бойынша Сламкулова С.А., Мусаева Р.Ш., Яхшиназар М.У., Нуржавбой З.Э. білім алушылары қатысты.
Білім алушыларды «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінің директоры Кушкарова А.М., «Клиникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Коптаева А.К. және оқытушы Ирниязова У.И. эксперт ретінде бағалады.
«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша «World skills -2024» чемпионаты 3 модульде өтті:
Модуль А. Холецистэктомия жасалынған пациентке стационарда күтім жүргізу.
Модуль В. Күндізгі стационар жағдайында жедел бронхит диагнозы бар науқасқа көмек көрсету.
Модуль С. III дәрежелі гипертониясы бар науқасқа үй жағдайында күтім жасау.
Модульдерде берілген тапсырмалар бойынша, конкурсанттар теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті, эксперттер чек-лист бойынша бағалап, нәтижесін шығарды.
Нәтижесінде, «Мейіргер ісі» мамандығы, «Жалпы практика мейіргері» біліктілігі білім алушысы Сламкулова С.А. 3-орын, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігінің білім алушылары Оразалы А.Қ. 2-орын және Әшірәлі Ж.М. 1-орынды иеленіп, өңірлік чемпионатта колледж намысын қорғайтын болады, басқа қатысушылар сертификатпен марапатталды.