Көктемгі күн мен түннің теңелуі - үйлесімділік пен бейбітшілік мерекесі
Көктемгі күн мен түннің теңелуінде көктем қысты шығарып салып, өз маусымына енеді – дәл осы ерекше күні Наурық мейрамы тойланады. Шығыс халықтары үшін Наурыз мейрамы Жаңа жылмен бірдей, өйткені екі мереке де жаңа өмірдің жаршысы болып табылады, себебі «наурыз» парсы тілінде «жаңа күн» дегеннен басқа ештеңені білдірмейді.
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Наурызды өздерінің дәстүрлі стилінде қарсы алды. Бұл күні сабаққа келген 130-дан астам студенттерге мерекенің таптырмас атрибуты болып табылатын, береке мен жомарттықты бейнелейтін түрлі тәттілер мен наурыз-көже ұсынылды.
Кафедраның әрбір қызметкері құрамы 7-ден астам дәнді дақылдардан: бидай, үрме бұршақ, ақ және сары жүгері, бұршақ, күріш, арпа, арпа жармасынан, сонымен қатар қаймақ, айран, тұз және судан тұратын наурыз-көжеге алақандарының жылуы мен жан мейірімін қосты. Бұл тағамның мұндай үйлесімі өмірдің жеті қағидасының бірін білдіреді: өсу, сәттілік, бақыт, байлық, денсаулық, даналық және аспанның жебеушісі.
Академияда факультеттер деңгейінде ұйымдастырылған ұлттық дәстүрлер байқауында кафедра магистранты Бахытқызы Гаухар «Ең үздік ұлттық киім» номинациясын жеңіп алды.
Мереке күні барлығы бір-біріне денсаулық, тұрақтылық және ашық аспан, студенттерге жақсы оқып, біздің елімізде дамып келе жатқан фармацевтика саласында білікті маман болуды, Академия оқытушыларына күнделікті жұмыста білім және ғылым саласындағы біздің альма-матер имиджін, жан үйлесімділігі жақсарту үшін шығармашылық табыс, жоғары көрсеткіштер тіледі.