«Когнитивті бұзылыстар: диагностикадағы, терапиядағы және превенциядағы басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2023 жылғы 8 қыркүйек күні «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ «НЕИРОН» қауымдастығымен бірлесіп «Когнитивті бұзылыстар: диагностикадағы, терапиядағы және превенциядағы басым бағыттары. Гериатриялық науқас: Белсенді ұзақ өмір сүру» атты конференция аралас форматта өтті.
Жетекші отандық және шетелдік сарапшылар диагностиканың, терапияның, оңалтудың және превенцияның жаңа әдістерін ұсынды, когнитивтік саладағы заманауи технологиялармен таныстырды, когнитивтік функцияларды зерттеу саласындағы соңғы әзірлемелерді ұсынды, зерттеудің баға жетпес тәжірибесімен бөлісті.
Конференцияның мақсаты: тәжірибемен алмасу, когнитивті бұзылулар саласындағы өзекті бағыттарды талқылау, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдары.
«Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Айзат Әшімханқызы Сейдахметова «Амбулаториялық жағдайда гериатриялық науқастардың жай-күйіне мониторинг жүргізу» тақырыбында онлайн баяндама жасап, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті.
Конференция аясында жас ғалымдар мектебі ұйымдастырылды. PhD, магистратура, бакалавриат студенттері қызықты баяндамалар жасады.
Докторант, «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының, ассистенті Ходжакулова Умида Абдывалыевна «МСАК деңгейінде гериатриялық науқастарды оңалту» атты баяндама жасап, құрметті І орынға ие болды және І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қатысушылардың өзекті баяндамалары тыңдаушылар мен қазылар алқасында жағымды эмоциялар тудырды. 1-3 орын алған қатысушылар 1-3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

15.09.2023, 09:42
540 қаралым