Клиникалық базаларды шолу
2024 жылдың 17 қаңтарында «ОКМА» АҚ ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы жақында аккредитациядан өткен «Park Health» ЖШС-де орналасқан клиникалық базаға барды. Кездесу барысында клиниканың директоры Агишанова Жадыра Мұхамбетқызы ағымдағы жұмысымен және одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар, клиника жоғары білікті, кәсіби мамандармен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, клиникалық база ретінде студенттерді ғылыми және клиникалық жұмысқа оқыту және қатысу үшін барлық жағдай жасалған.
Ректор Мырзабек Мырзашұлы клиникалық бөлімдер мен емдеу мекемелерінің бірлескен жұмысын жоспарға сай заманауи деңгейде жалғастыру қажеттігін атап өтіп, «Park Health» ЖШС клиникасының басшылығы мен ұжымына болашақ медицина кадрларын даярлауға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.