«Клиникалық тәжірибеде статиндерді қолданудың өзекті сұрақтары» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
2017 жылдың 22 желтоқсанында ОҚМФА-ның фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы және дәлелді медицина бөлімімен бірге «Клиникалық тәжірибеде статиндерді қолданудың өзекті сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына ОҚМФА – ның клиникалық кафедралары: ЖТД-2 кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., Досыбаева Г.Н.; БМСК – 1 кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., доцент Югай Н.В., және тәжірибелік денсаулық сақтау ісінің жетекші мамандары: облыстық кардиологиялық орталықтың инфаркт бөлімінің меңгерушісі Ормаханова З.И., кардиологиялық орталықтың кардиологиялық бөлімінің меңгерушісі Сейтжанова Г.М., №1 қалалық емхананың штаттық кардиологы Серікова Б.С., қатысты. Дөңгелек үстелге ОҚМФА-ның магистранттары, интерндері, студенттері және ПОҚ қатысты.
Дөңгелек үстелде гиполипидемиялық емнің өзекті мәселелері, емдеу ісіндегі ғылыми жетістіктері, емді оңтайландыру мүмкіндіктері, біріккен (жұптасқан) патологиясы бар науқастарды емдеудің ерекшеліктері қамтылды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты, аймақта сапасы жоғары медициналық көмекті дамытуға және ОҚО медициналық көмекті жақсарту аумағындағы академиялық және тәжірибелік ұйымдар арасындағы келешектегі бірлестіктің жолдарын анықтауды қамтамасыз ететін статиндермен емдеудің заманауи аспектілерін талқылау болып табылады.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары, жалпы алғанда, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік шараларға белсене қатысты және өздерінің қолдау көрсететінін танытты.