Киелі Түркістанға саяхат

29.04.2023 күні ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, "Студенттік экспедиция Қазақстанның киелі жерлерінде" атты тұжырымдама бойынша академияның белсенді студенттері – ежелгі Ұлы Жібек жолы тармақтарының бірінде орналасқан киелі қала Түркістанға барды.
Тұжырымдаманың мақсаты, студент жастардың Қазақстанның тарихи және естелік киелі орындарын зерттей отырып, өз ой-өрісін кеңейтеді, ұлттық бірегейлікті, Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Қазақстанның киелі жерлері-қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қорғалуы тиіс елдің құнды игілігі.
Түркістан – кие қонған мекен. Киелі орындар өте көп орналасқан өңір. Түркістан десе, көп адамның есіне Қожа Ахмет Ясауи кесенесі түсетіні белгілі. Ел санасында егіз ұғым саналады. Дегенмен бұл киелі мекенде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басқа да қастерлі орындар көп-ақ. Оны бірі білсе, енді бірі білмейді.
Студенттік географиялық саяхат ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, киелі жерлермен танысуға мүмкіндік берген академия басшылығына студенттер шексіз алғыстарын білдірді.

05.05.2023, 13:42
569 қаралым