«Киберпедагогика: жоғары білім берудегі қиындықтар мен даму перспективалары» атты аймақтық, ЖОО аралық әдістемелік онлайн-семинар

2021-жылы 24-қарашада «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларының, Шымкент қаласының және Алматы қаласының (Қазақ мемлекеттік қыздар ПУ) жоо-дан оқытушыларының қатысумен «Киберпедагогика: жоғары білім берудегі қиындықтар мен даму перспективалары» (тақырыбы бойынша ЖОО аралық әдістемелік-онлайн-семинар өткізілді.)
Осы мәселе бойынша М.Әуезов атындағы оқу п.ғ.доценті, профессор С.А. Жолдасбекова сөз алды, ол мәселенің теориясымен таныстырып, педагогтың тарапынан оқытудың интуитивтік әдістемесін қарастыратын, дәстүрлі педагогиканың ғасырлар бойы қалыптасқан түрінен айырмашылығы – компьютердің көмегімен болатын оқытуды автоматты бағдарламалық басқару әдіснамасын баяндайтын педагогика ғылымының бөлігі ретінде киберпедагогиканы нақтылы түсіндіруге тоқталды, қашықтықтан оқытудың негізгі әдістері мен құралдары «қазіргі нақтылықтағы қашықтықтан оқытуды іске асыру, интербелсенділік, ашықтық және икемділік сияқты негізгі арнайы қағидалар туралы мәселелермен таныстырды».

Одан ары «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. Айдарбекова Г.С. «Аралас оқыту оқыту форматына жаңа көзқарас» тақырыбында баядама жасады. Ол «Кибер-педагог-5» білім беру қозғалысының онлайн – семинарларына талдау жасады, жеке тұлғаның «жұмсақ» дағдылардының ( жеке сапалары) дамуына баса мән беріп, аралас формат жағдайында оқытушының жаңа 4 рөлі, атап айтқанда - тәлімгердің, коучтың, психологтың және кеңес берушінің аралас оқытудағы оқу үдерісінің сапасын қалай көтеруге болатыны туралы айтып өтті. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Абдрасилова С.Т. «Қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрландыру – киберпедагогика мәселесі» тақырыбында баяндама жасады. Өзінің баяндамасында ол Қазақстан Республикасы Президенті – Қасым – Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылы қыркүйектегі қоғам өмірінің барлық саласында, соның ішінде білім беру саласындағы цифрландыру мәселесі бойынша жасаған жолдауына тоқталды. Одан ары, баяндамашы кейс, аудиожазба, сызбалар, интербелсенді тақта әдістерін оқытудың онлайн және дәстүрлі форматтарында қолдану туралы айтып берді. Іс-шара барысында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі –Аширов Ш.А. аталған кафедраның аға оқытушысы – Оразымбетова З.Ш. сөз алды. Қорытындыны «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Нуржанбаева Ж.О. жасап, оқу үдерісінде жаңа қағидалар мен техникалық құралдарды және әдіс-тәсілдерді басым түрде қолдану инновациялық білім беру технологиясын енгізу жолымен оқытудың тиімділігін көтеру қажеттілігі туралы айтты.
Қорытындылар мен ұсыныстар:
1.    Қашықтан оқытудың педагогикалық технологияларындағы басты мезет –ой – пікірдің, ақпараттардың, білімдердің визуализациясы, педагогикалық коммуникацияның жаңа тәсілдерін құру, оқу қызметінің дәстүрлі формаларын ұйымдастыруды түзету болып табылады. Білім беру үрдісін ұйымдастырудың инновациялық формалары студенттердің жеке тұлға өсуін тұрақты түрде реттей отырып, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер береді.
2.    Қашықтан оқыту сапасы жаңа деңгейге шығады. ЮНЕСКО «барлығы үшін білім беру» және бүкіл өмір бойына оқу деп нақтылаған заманауи білім берудің негізгі қағидаларын іске асыру мүмкіндігі пайда болды.
3.    Қашықтан оқытудың тиімділігін көтеру үшін басым түрдегі белсенді формалар мен әдістерді қолдану қажет, олардың арасынан кейс-технологияны ( мәтіндік, аудиовизуальдық және мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдардың жиынтығын (кейстерді) қолдануға негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы) жәнеде эмоциональды интелект, басқа адамдармен құрылымдық өзара әрекеттестік сияқты soft-skills оқытушылардың жеке сапаларының дамуына да басымдық жасауды қолдану қажет.

30.11.2021, 00:23
679 қаралым