ХИМИК-ТОКСИКОЛОГТЫ ДАЙЫНДАУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР

 

Өзіндік тәжірибелік қызметке дайын медициналық кадрларды дайындау сапасын жоғарлатудың негізгі факторларының бірі, педагогикалық қызметте инновациялық әдістерді қолдану болып табылады.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында «Биоаналитикалық химия және токсикология» пәні бойынша кезекті ашық сабағы инновациялық оқыту әдістері - RBL және TBL әдістерімен жүргізілді. 

1383 1

Сабақ тақырыбы «Диуретиктер және басқа бүркегіш агенттердің лабора-ториялық экспресс-диагностикасы» химия-токсикологиялық сараптаулар саласы мен Дүниежүзілік антидопингтік агенттілік тыйым салған субстанцияларды талдауда өзекті мәселе болып табылады.

1383 2

Кафедра оқытушысы, доцент А.Д. Серікбаеваның нақтылап айтып кеткен сабақ тақырыбының өзектілігін И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина Университеті А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының доценті В.В. Смирнов та он-лайн режимінде қолдап өтті.

1383 3

RBL қолдану арқылы жүргізілген тақырып сценарийі бойынша студенттер алдын-ала Web of Sciens, Scopus и РАҒО ХҒБҚ тіркелді. Студенттер шетел әдебиеттеріне алдын-ала шолу жасап, сол арқылы ағылшын тілдеріндегі түпнегіздермен жұмыс жасауды, қолданылған әдебиеттерді мониторингтеу, орындалған жұмысты тұжырымдамалауды үйренді. 

1383 4

Әдеби шолу нәтижелері бойынша студенттер химия-токсикологиялық талдау объекті болып табылатын фуросемидке ғылыми-негізделген әдістемені сабақтың лабораториялық бөлімінде орындап көрсетіп шықты. Лабораториялық сабақты сұйық-сұйықтық экстракция, жұқа қабаттағы хроматография, ИК-спектроскопия және басқа инструменталды әдістермен орындау бойынша болашақ химик-токсикологтардың кәсіби дағдылары мен біліктіліктерін тереңдетіп бекітуге мүмкіндік берді.

1383 5

Сонымен, инновациялық әдістер көмегімен жүргізілген сабақ білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін айтарлықтай тиімді ашып, жеке тұлғалық және командалық жұмыстың нәтижесіне жауапкершілігін жоғарлатты.

08.05.2019, 06:08
353 қаралым