Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына хим.ғ.к., Ресей денсаулық сақтау министрлігі (Мәскеу) Медицинада қолданылатын заттарды сараптаудың ғылыми орталығының (НЦЭСМП) I категориялы аналитигі, масс-спектрометриялық детекторлы жоғары эффективті сұйықтық хроматография бойынша маман Татьяна Александровна Родинаның шақыртуын ұйымдастырды. 

Ресейлік маман Т.А. Родинаның келуі 19.11.2018 - 14.12.2018 аралығында ҚР БҒМ шетелдік мамандарды шақырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 

1292 1

Родина Т.А. кең көлемді және мазмұнды бағдарламасына сай студенттерге, магистранттарға дәрістер оқыды, профессор-оқытушылар құрамына және зертхана ғылыми қызметкерлеріне жоғары эффективті сұйықтық хроматографияның өзекті мәселелері бойынша тренингтер мен мастер-кластар өткізді.

Дәріс тақырыптарына УК- және масс-спектрометриялық детекторлы ЖЭСХ теориялық негіздері, фармацевтикалық және токсикологиялық талдауда, биоаналитикалық зерттеулерде практикалық қолданылуы, препаративті хроматография негіздері енгізілген.

1292 2

Родина Т.А-ның кәсіби және қызықты, өзін еркін ұстайтын атмосферасында қондырғыны жұмысқа дайындау, әртүрлі детекторлармен жұмыс жасаудың қыр-сырлары, практикалық аспектілері, сапалық, сандық талдау және т.б. бойынша тренингтер мен мастер-кластар жүргізілді. 

Ресейлік маман Қазақстан Республикасы Бірінші президенті – Ұлт көшбасшысы Фонды және ОҚМА ұйымдастыруымен өткізілген жас ғалымдар мен студенттердің «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, «Биоаналитикалық зерттеулердегі ЖЭСХ МС/МС: тиісті және тиісті емес тәжірибе» атты баяндама жасады. 

1292 3

Академия қабырғасында Т.А. Родинамен өткен әрбір жұмыс күні жоғары кәсіби мазмұнда ғана емес, сонымен бірге мәдени бағдарламаларға толы болды. Татьяна Александровна Қазақстанға алғаш рет келіп, жоғары қызығушылықпен қазақ халқының мәдениетімен, тарихымен, ерекше салт-дәстүрлерімен танысты. 

Академия ректоры, профессор М.М. Рысбеков кездесу барысында профессор-оқытушылар құрамы атынан Татьяна Александровнаға академияда өткізген жұмысы үшін алғыс білдіріп, ары қарай ынтымақтастықты жалғастыру жоспары, магистранттар мен PhD докторанттарға жетекшілік ету және кеңес беру сұрақтары жөнінде ойын ортаға салды.

1292 4

Академия басшылығы және кафедра ұжымы Т.А. Родинаға тәжірибе алмасу бойынша мазмұнды жұмысы үшін шынайы алғысын білдірді және ары қарай фармацевтикалық білім және ғылым саласында ынтымақтастықты жалғастыруға үлкен үміт артады.

21.12.2018, 09:29
351 қаралым