Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға резидент-инфекционисттер мен интерн-педиатрлардың қатысуы

2019 жылдың 1 наурызында Алматы қаласында педиатрия және балалар хирургиясы Ғылыми орталығында Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Тақырыбы «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия мен балалар хирургиясының дамуының перспективалары мен өзгерістері», бұл конференцияға жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы дайындаған резиденттер мен дәрігер-интерндер қатысты. 1-ші оқу жылының инфекционист резиденттері Садыхова Д. және Әбдумутәлі Д. ауызша баяндама оқыды, Мусаева Б. және Сауыт Г., Шалабаев С.К., Камилжанұлы А.С. – постерлік баяндама дайындады, ал дәрігер интерн-педиатрлар Мамыр Н.Б., Жамбылова А.,Тұрдықұл А., Дарханов А., Мыктыбеков И. өздерінің постерлік баяндамаларын таныстырды.

1330 1

1330 2

ОҚМА атынан конференцияға қатысушылар жоғары ғылыми қабілеттерін, көпшіліктің алдында ашық сөйлеу дағдыларын көрсете білді және көптеген ғылыми орталықтардан және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарынан, жақын және алыс шет елдерден келген жас ғалымдармен қарым-қатынаста үлкен тәжірибе алмасты. «Үздік постерлік баяндама» номинациясы бойынша А. Дарханов, И.Мыктыбеков 3-ші орынға ие болды. ОҚМА атынан қатысушылардың ғылыми жұмыстарының нәтижелері «Педиатрия және балалар хирургиясы» журналында жарияланды.

1330 3

11.03.2019, 10:27
214 қаралым