Халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі интеграция

Осы жылдың қазан айында И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ ғалымдары  - фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Г.В. Раменская және фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент В.В. Смирнов ОҚМФА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы базасында академиялық ұтқырлық аясында болып қайтты.

627 1

Ресей медицина ғылымдары академиясының академигі, профессор А.П. Арзамасцевтің ізбасары, Фармакопеялық комитеттің фармацевтикалық комиссия мүшесі, Ресей ДСМ қарамағындағы клиникалық фармакология (биоэквиваленттілік) бойынша комиссия мүшесі, Ресей денсаулық сақтауды қадағалау этика бойынша Комитетінің төрағасы, Халықаралық фармацевтикалық федерациясы (FIP) жұмысшы тобының мүшесі, Шығыс Европа елдеріндегі Америкалық Фармакопеяның (USP) сараптамалық кеңесінің мүшесі, Ресей денсаулық сақтау министрлігі Кеңесінің мемлекеттік фармакопея бойынша төрағасының орынбасары, Раменская Галина Владиславовна өзінің ұзақ уақыт күттірген іс-сапарымен ғана ілтипат көрсетіп қоймай, сонымен бірге, дәрілік заттарды стандарттаудағы өзінің инновациялық оқыту әдістерімен де ой бөлісті.

627 2

Проф. Раменская Г.В. студенттерді жоғары оқу орынымен, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасымен, оның аудиториялық фонды және оқыту әдістерімен таныстырды. Әсіресе студенттерді «Болашақтың медицинасы» траекториясы бойынша оқыту  қызықтырды. Біздің студенттерге қолжетімді әдебиеттер арқылы таныс фармацевтикалық және токсикологиялық химия пәндері бойынша оқулықтардың бұрыннан белгілі және атақты авторларымен аудиторияны тағы да тереңірек таныстырып өтті. 

627 3

РФ мен ҚР «биовейвер» бағыты қазіргі таңда қарқынды дамуда, оны фармацевтикалық реттеу тәжірибесінде қолдану пер­спек­ти­васы Кедендік, Европалық кеңес және  FDA саласындағы талаптармен үйлесімділік тауып отыр. Профессор Раменская Г.В. дәрілік заттарды стандарттаудың жоғары технологиялық бағыттары туралы біздің студенттерді ғана емес, сонымен бірге, магистранттарды, профессор-оқытушылар құрамын таныстырып өтті.

627 4

 

Дәрілік заттардың биотрансформациясы, фармакокинетикасы мен токсикокинетикасы, талдаудың хроматографиялық және иммунды әдістері,  масс-спектроскопия және т.б.  бойынша В.В. Смирновтың өзіндік ерекшелігі бар дәрістері тыңдалды. Студенттерге толы аудиторияда өткен әрбір дәріс ерекше қошеметпен аяқталып отырды. Аудиторияға дәрілік заттардың сіңірілуі, таралуы, жартылай шығарылуы, биотрансформациясы туралы білімді жеткізе отырып, ол өзінің ғылымға деген шексіз құштарлығын ұлы философтар сөздерімен жеткізіп отырды.

627 5 

Оның «өліммен аяқталған» және «тірілу» сөз айналымы арқылы жиналған аудиториямен тығыз байланыста болуы лекторлық шеберлігін көрсетеді. Смирнов В.В. жиналған көпшілікті химия-токсикологиялық талдаудың сынаманы дайындау кезеңінен бастап дәлелдейтін әдістерге дейінгі сұрақтармен бөлісті. Дәрістер өте әсерлі әрі пайдалы болды.  

627 6

Тағы да айтып кететін жағдай, достыққа деген адалдық пен академик А.П. Арзамасцевтың жарқын бейнесінің құрметі арқылы, біздің кафедраларымыз арасындағы достық қарым-қатынас ретке келтірілген. Бірінші МММУ және ОҚМФА арасында серіктестік қазіргі уақытта Г.В. Раменскаяның тікелей басқаруымен келесі жұмыстар арқылы жалғасып жатыр:

1.  2012-2013 оқу жылдарынан бастап әр жыл сайын Академия студенттері академиялық ұтқырлық аясында өндірістік тәжірибесін университет базасында өткізеді.

2.  Кафедраның алдыңғы қатарлы оқытушылары Академияға дәрілік заттардың фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеу әдістері бойынша дәрістер оқып, мастер-класстар өткізуге келеді (2013, қараша; 2015, қазан).

3.  2014-2015 оқу жылы аталған оқу орнында Академияның 2-ші оқу жылының магистранты Надирова С.Н. магистерлік диссертациясын орындап шықты.         

4.  2015 жылы мамыр айында ОҚМФА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Бірінші МММУ студенттерін өндірістік тәжірибе өту үшін қабылдады.

5.  Шетелдік студенттердің өндірістік тәжірибесін өткізу бойынша Жұмыс оқу бағдарламасы жасалап, Бірінші МММУ мен ОҚМФА Ғылыми кеңесінде бекітілді (2014 ж.).

6.  «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» бірлескен оқу-әдістемелік оқу құралы жасалды (2015 ж.). 

Бүгінгі күнде кафедралар арасында бірлесіп жұмыс жасау жалғасып, ғылыми бағытта жұмыстар жоспарланып жатыр.

627 7 

Іс жүзіне асырылған ойлар екі жоғары оқу орнын сый-құрметке бөлеп отыр. Профессор Г.В. Раменскаяның ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалай отырып, Ғылыми Кеңестің шешімімен «ОҚМФА құрметті профессоры» ғылыми атағы берілді.  

Фармацевтикалық пәндер бойынша екі жоғары оқу орындарының ғылыми және оқу-әдістемелік жетістіктерімен есімі таныс  профессор Г.В. Раменскаяны кезекті атағымен шын жүректен құттықтаймыз. Оған тән қасиеттер шығармашылық ойлау және дарынды шәкірттер мен ізденушілерді көп қырлы қызметтер саласының келешегіне қызықтыра білу болып табылады.

627 8

Қазақстанның оңтүстігінде болған қысқа уақыт аралығында ғалымдарға біздің мәдениетіміздің бірегей айқын көріністерін, қонақжайлығын көрсетіп үлгердік. Ашық реңді күз айының  Шымкенттің оңтүстігіне тән емес салқындау ауа-райы, жақында ғана бой көтерген қазақ халқының биі және батыры Бәйдібек Қарашаұлы ескерткіші, ұлы ойшыл, әрі ақын Абай атындағы саябақ, Орталық мешіттің керемет үлгілері мен әшекейлері   біздің қонақтарда тамаша әсер қалдырды.

Сонымен бірге, терапияның әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуде қолданылатын 12 фармакотерапевтикалық топтар бойынша түпнұсқалы және генерикалық дәрілік препараттарды кең көлемде өндіретін ҚР «Химфарм» АҚ ірі фармацевтикалық зауытына экскурсия ұйымдастырылды.

627 9

Әуеске берілген және ізденіске толы студенттер мен магистранттардан жиналған зал  жоғары оқу орынынан келген біздің ғалымдарымызда серіктесті әрі қарай жалғастыру мақсатында талай толғаныстар және шығырмашылық шабыттар қалдырды.

627 10

30.10.2015, 03:44
546 қаралым