Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
2018 жылдың 7 желтоқсан күні ОҚМА №2 ғимаратында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне бірыңғай сағат өткізілді.
Бірыңғай сағаттың мақсаты:
- сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту;
- жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайту;
Бірыңғай сағатқа Медицина колледжі директоры А.М.Кушкарова, Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Р.Ахметов, ОҚМА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының хатшысы Ұ.Ж.Сұлтанбекова, ӘМжЖСБ жетекші маманы Ж.О.Қамбарова, ОҚМА студенттік ректоры Қ.А.Иембердиев қатысты.
Бірыңғай сағаттың басында Микробиология кафедрасының оқытушысы Ш.Полатбекова мен Медицина колледжінің білім алушысы Ф.Әріпхан Сыбайлас жемқорлық пен оған қарсы күрес жайында қызықты баяндамалар оқыды.
Сонымен қатар колледж студенттері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызықты қойылым көрсетіп, бірыңғай сағат «Ғажайып алаң» ойынымен өз жалғасын тапты.
Бірыңғай сағаттан білім алушылар мен қонақтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайында маңызды ақпараттар алып, алдағы уақытта Ел экономикасына әсер ететін індетпен күресуге өз үлестерін қосатындарын айтып тарқасты.