Халықаралық отбасы күні

 559 1 1

15 мамыр 2015 жылы Халықаралық отбасы күніне орай, Жастар денсаулық орталығы «Гигиега-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасымен бірлесіп, ОҚМФА жатақханасында 3-4 курс студенттерінің қатысуымен «Отбасы – ұрпақтың саулығы, ұзақ өмір сүруі мен сабақтастығы» ұранымен дөңгелек үстел өткізді.

559 2 2

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол» Қазақстан халқына Жолдауында « … Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік», - деп атап айтқан.

559 3 3

Халықаралық отбасы күні жыл сайын 15 мамырда аталып өтіледі. 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының резолюциясында келтірілгендей, бұл күн, әлем халықтарының назарын отбасы проблемаларына аудартады. Осы күнді атап өту, тұрғындардың отбасы жөніндегі сұрақтарға терең көңіл бөлуіне, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық үдерістер туралы білімін арттыруға орасан зор пайдасын тигізеді.

559 4 4

Отбасы, адами құндылық пен мәдениеттің, тұрақтылық пен дамудың ұрпақтан ұрпаққа берілуіне септігін тигізетін қоғамның негізгі элементі болып табылады. Отбасының арқасында мемлекеттің қуаты нығая түседі және болашағы жарқын болады, сонымен қатар, халықтың әл-ауқаты жақсарады!

 

Ақпаратты дайындаған: Маханбетов Р.С.

19.05.2015, 07:07
606 қаралым