ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ОҚМА ЖӘНЕ ТММУ АРАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы мен стратегиялық даму және халықаралық қатынас бөлімі Тәжік мемлекеттік медицина Университеті (ТММУ) фармацевтикалық факультетінің профессор-оқытушыларына «Тәжікстан Республикасындағы фармацевтикалық білім берудің инновациялық дамуы» атты Дүниежүзілік даму банкының жобасы аясында үш күндік мастер-класс өткізді.

1673 1

Вебинар мақсатына «Фармация» білім беру бағдарламасын жасауда «Зерттеу арқылы білім беру» қағидасын енгізу бойынша кеңестік-әдістемелік көмек көрсету болып табылды және ғылыми бағытталған оқытудың әдістемелік негіздері талқыланды.

Профессор Ордабаева С.Қ. академиядағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының тәжірибесі негізінде таныстырып кетті. Екі ЖОО ғылыми бағыттарын талқылап болған соң, «Ғалымдардың заманауи коммуникациясындағы ORCID, Research Gate» тақырыбындағы вебинардың екінші бөліміне өтті. Семинардың бірінші күні ORCID және Research Gate, Scopus, PubMed Халықаралық ғылыми базалар дерегіне тіркелу мен ЖОО оқытушысының ғылыми бағытына SWOT-талдау жасау арқылы алынған ақпараттар тапсырмалар түрінде бекітілді.

1673 2

Вебинар қатысушыларына ғылыми бағытталған оқыту бойынша (Research based learning) материалдар ұсынылып, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының осы оқыту әдісін ендіру бойынша тәжірибесімен танысытырылды. Білім алушылар деңгейіне сай зерттеушілердің құзыреттілігін саралау, білім беру үрдісінде ғылыми зерттеулердің негізгі стратегиясын көрсету, білім алушы мен зерттеушілер арасындағы қарым-қатынасқа негізделген RBL модельдерін жіктеу баяндалды. Ал, «Биоаналитикалық химия және токсикология» пәні мысалында келтірілген RBL бойынша оқыту технологиясының кезең-кезеңімен келтірілген сценарийі медициналық білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың ғылыми зерттеулерге қатыстыруына айқын әдістемелік суреттеме беріп, ол әдістің ЖОО, білім алушылар мен ұйым стейкхолдерлері үшін артықшылықтары көрсетілді.

1673 3

«Медициналық білім беру аясында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу» бойынша вебинар алдыңғыларға қарағанда өзектілігі бойынша кем түскен жоқ. Базалық білім беру сапасын жоғарлату бойынша Халықаралық медициналық ұйымдар федерациясының стандарттары білім беру жүйесінде ғылыми-дәлелдеген технологиялар мен тәсілдерді кең қолдану, медициналық ЖОО оқытушыларының білім беру бағдарламалары мен технологияларын кең зерттеу бойынша ұсыныстар жасап жатыр.

Соңғы жылдары медициналық білім берудегі зерттеулер медициналық кадрларды даярлаудың халықаралық жүйесінің ажырамас бір бөлігі болып, қолданыстағы білім бағдарламаларының кемшіліктерін анықтауға, жақсы модельдер мен тәсілдерді табуға, негізделген шешімдер қабылдауға және әрі ұлттық, әрі халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау жүйесінің өзгерістеріне іс-әрекет көрсетуге көмектеседі. Осы іс-шаралардың барлығы отандық медицина білім беру ұйымдарында үнемі зерттеулер жүргізуді талап етеді. Вебинар қатысушыларына медициналық білім беру саласындағы зерттеулер нәтижесі арқылы жүзеге асатын білім беру бағдарламалары мен технологияларын жасау бойынша құнды кеңестер беріліп, зерттеудің сапалық және сандық әдістерінің медициналық және фармацевтикалық кадрларды жоғары дәрежеде даярлауға тигізетін әсері айтылып кетті.

1673 4

ТММУ фармацевтикалық факультетінің профессор оқытушыларымен болған қорытынды семинарында профессор Ордабаева С.Қ. осы ЖОО-ында кредит технологиясын ендіру бойынша жасалынып жатқан іс-шаралардың білгірлік позициясы мен факультеттің халықаралық білім беру кеңестігіндегі заманауи тенденцияларына көшуіне жақсы жағдайлар жасалынып жатқандығын атап кетті.

Еуропалық білім беру сапаларының стандарттарына сай жасалған академиядағы құзыреттілікке бағытталған тәсілімдеме негізіндегі кредит технологиясын ендіру бойынша тәжірибемізді үйреніп, Әбу әли ибн Сино атындағы ТММУ «Фармация» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы модернизациялану үрдісінде жоғары сапалы фармацевтикалық білім беруге қол жететіндігіне сенім білдіреміз.

08.04.2021, 06:36
601 қаралым