КеАҚ «Астана Медицина университетіне» «ОҚМА» АҚ-ның аға оқытушысы А.А. Абдраманованың академиялық ұтқырлығы

2022 жылдың 14-25 ақпан аралығында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Абдраманова академиялық ұтқырлық аясында КеАҚ «Астана Медицина университеті» «Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология» кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттеріне қазақ және орыс тілдерінде «Медициналық микробиология» пәнінен келесі тақырыптар бойынша онлайн форматта лекциялық және ОБӨЖ сабақтарын өткізуде:
1. Респираторлық вирусты инфекциялар микробиологиясы: тұмау, паратұмау, қызылша, эпидемиялық паротит, RS-инфекция, қызамық, аденовирусты және коронавирусты инфекциялар.
2. Жағынды-препарат дайындау техникасы. Жағындыны бояу әдістері. Микроскоптан қарау техникасы. Қышқылға тұрақты бактериялар және оларды Циль-Нильсен әдісімен бояу.
3. Аэробты және анаэробты микробтардың таза дақылын бөліп алу. Сұйық және тығыз қоректік орталарда бактерия дақылдарының өсу ерекшеліктерін зерттеу. Бактериялардың ферменттік белсенділігін зерттеу.
4. Бактериофагтар. Микроорганизмдер генетикасы. Полимеразды тізбектік реакция. Дисбактериоз. Санитариялық микробиология негіздері. Қоршаған орта микрофлорасы.
5. Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары. Арнайы сақтандыру және емдеу. Бруцеллезге, обаға, сібір түйнемесіне және туляремияға зертханалық диагноз қою принциптері.
6. Анаэробты инфекциялар қоздырғыштары: клостридиялар. Арнайы сақтандыру және емдеу. Сіреспе, ботулизм және газды гангренаға зертханалық диагноз қою принциптері.
Сабақтар оқытудың заманауи әдістерін қолдана отырып өткізілді.

18.02.2022, 16:42
453 қаралым