Кафедралардың белсенді ынтымақтастығы

Соңғы үш күнде Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының Стоматологиялық Пәндер Кафедрасы «Өзбекстан-Қазақстан: студенттік тәжірибені білім мен практикада интеграциялау» халықаралық форумы форматында жұмыс жасады.

Ташкент Мемлекеттік Стоматологиялық Институтының делегациясын халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Б.Ярмухамедов және магистратура бөлімінің деканы Ризаев С.М. бастады, топта ташкенттік серіктес университеттің магистранттары да болды.

1451 1

Қонақтар тістерді жанама қалпына келтіру, коффердамен жұмыс, синус-лифтинг және стоматологиялық имплантация, инновациялық тренинг сияқты қызықты баяндамалар оқыды.

1451 2

Мастер-класстар және винир, коффердамен жұмыс, стоматологиялық имплантация және синус-лифтинг негіздері бойынша өткізілді.

1451 3

1451 4

Үш күндік форум Ташкент Мемлекеттік Стоматологиялық Институтының өкілдері үшін де, студенттеріміз бен Стоматология Кафедрасының оқытушылары үшін де белсенді, жемісті болды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу туралы сөз алмасты.

1451 5

Форум сәтті өтті және студенттерді тарту, халықаралық ынтымақтастықтың өзектілігі, тәжірибе алмасу, студенттердің академиялық ұтқырлығы сияқты мақсаттарды жүзеге асырды.

11.11.2019, 11:42
299 қаралым