«Кәсіби тиімді мемлекет» атты дөңгелек үстел
2016 жылдың 15 қантар күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 25- жылдығына орай ұйымдастырылған «Кәсіби тиімді мемлекет» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті. Бұл іс-шараға жауапты болған кафедраның доцент міндетін атқарушы А.М. Джунусбаева, аға оқытушы Н.Қ. Дюсебаев және 401 МІҚ; 402 МІҚ, «Б»; 403 МІҚ,; 404 МІҚ; 405 СДР топ студенттері. Дөңгелек үстелдің жұмысына Оңтүстік Қазақстаң мемлекеттік университеті «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Атақожа Айдарұлы Исмаилов және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Абдімажидұлы Тәжібаев қатысты.
Дөңгелек үстелде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаға енгізген басты қағидалардың бірі талқыланды. Атап айтқанда, әңгіме «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламаның «Демократиялық кәсіби мемлекет құру» атты басымдық туралы болды. Жиынды кафедраның доцент міндетін атқарушы Айгүл Мутанқызы Джунусбаева алғашқы сөз алып тақырыпты ашып берді.
Атақожа Айдарұлы Исмаилов өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасымен таныстырып, ендігі елу жылда өзекті болатын мәселелерге күні бұрын көз жүгіртіп, қазақстандықтардың алдынан шығуы мүмкін қауіп-қатерлерге мән берді. Оны Марат Абдімажидұлы Тәжібаев қолдап, өз сөзінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрсетілген басым бағытарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету қажеттігін білдірді. Аталған мәселелерді талқылау барысында кафедраның доцент м.а. Н.А. Абдурахманов, аға оқытушылары Б.Д. Өтегенов және Ә.С. Еркінбекова өз пікірлерін білдіре кетті. «Мейірбике ісі» мамандығының 4 курс студенттері Досанова Айжан мен Темирова Қымбат сөз сөйлеп, кәсіби мемлекет құру туралы өз ойларын жеткізді. Талқылау барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, оларға нақты және толыққанды жауап алынды. Олардың бірқатары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елімізде саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылып жатқан мәселелерге қатысты болды. Дөңгелек үстелдің жұмысы 2016 жылдың 19 қантарда өткізілген кафедраның кезектен тыс мәжілісінде талқылынды (№14 хаттама).