Көптілділік – заманауи фармацевтикалық білім берудің басым бағыты ретінде
17.02.2016 ж. «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында G-Global платформасында онлайн арқылы «Көптілділік – заманауи фармацевтикалық білім берудің басым бағыты» атты бейнеконференция өткізілді.
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу бүгінде байланыс орнатуға қуатты құрал болып табылады және тұтастай алғанда елдің дамуы үшін жақсы мүмкіндіктер береді.
Бағдарламаның ең маңызды аспектілері талқыланды және арнайы пәндер бойынша ағылшын тілінде жұмыспен қамту сапасын растайтын бейнероликтер, тиісті сертификаттар көрсетілді, сонымен қатар шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, фил.ғ.к. А.С. Сайфутдинова және ағылшын тілі маманы, фарм.ғ.магистрі Е.К. Орынбасаров қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Бейнеконференцияда студент жастары өз пікірлерін білдірді және тиісті білімін көрсете алды, пікір алмасу кері байланыс түрінде өтті.
Конференцияға академия басшылығы және қонақтар қатысты:
1. Ахметова Алма Абдукаримовна – даму және инновация жөніндегі проректор.
2. Ибрагимова Гузель Ярулловна – фарм.ғ.д., профессор, Башқұрт мемл.мед.университеті
3. Ибрагимова Айгуль Гафаровна – оқу-әдістемелік орталық басшысы.
4. Жумабаев Нарбек Жумабаевич –фарм.фак. деканы, профессор м.а..
5. Сайфутдинова Айгуль Сайдисламовна- шет тілдері каф. меңгерушісі, фил.ғ.кандидаты.
6. Сагындыкова Баян Ахметовна – дәрілер технологиясы каф.меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор.
7. Ордабаева Сауле Кутумовна – фармацевтикалық және токсикологиялық химия каф.меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор.
8. Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна – декан орынбасары, фарм.ғ.кандидаты, профессор м.а..
9. Алиханова Халия Бахадыровна –хим.ғ.к., профессор м.а..
10. Ирисметов Олимжан Махмудович – «Фитофарм» ЖШС директоры, мед.ғ.к., ОҚО «Даму» медицина және фармацевтика қызметкерлері қауымдастығының өкілі.