«Көптілділік – менің ғылымым»
Студенттік ғылыми-тәжірибелік «Языковая компетентность как показатель высокой профессиональной среды в области здравоохранения» атты конференция қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында 2016 жылдың 29 сәуірінде өткізілді. Тілдерді дамыту мақсатында осы іспеттес конференциялар кафедрада жыл сайын өткізілуде. Студенттердің дайындаған баяндамалары олардың тілдерді меңгерудегі білімдері мен жетістіктерін көрсетуге оңтайлы мүмкіндігі болды. Конференция қонақтары мен қатысушыларының назарына тіл мәдениеті мен этикасы, медициналық терминология, медицинада қолданылатын метафоралар, фармацевтикалық өндірістегі көптілділіктің маңызы туралы қызықты ақпараттар ұсынылды. Тұлғаның дамуына кітаптың зор ықпалы жайлы тақырып ерекше назарда болды, ал жастар сленгі және оның ерекшеліктері туралы баяндамалар студент жастардың көңілінен шықты. Өйткені, сленг –қоғам дамуының көрсеткіші болып табылады.«Аққулар ұйықтағанда» философиялық поэмасындағы адамгершілік және сүйіспеншілік тақырыбы өзгеше сезімдерге толы болды.«Медициналық терминдердің қазіргі кездегі қолданылуы», «Дәрілік өсімдіктердің тілдік сипаты» баяндамалар тыңдалды.
Жалпы, осы конференция сыңайлы іс-шаралар студент жастардың ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарын алға жетелейді және дүниетанымдылығын жетілдіреді.
Конференцияға белсенді қатысушылар сертификаттарға ие болды.