Көптілді білім беру студенттер көзімен

2019 жылдың 25 сәуірінде көптілді оқыту мен көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында «Көптілділік – заманауи медициналық білім берудің бір басымдығы» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

1379 1

Конференция жұмысына «Жалпы медицина», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Стоматология» мамандықтарының бірінші, екінші және үшінші курстарының 18 студенті қатысты.

1379 2

Конференцияны қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі Л. Б. Ибраева ашып, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі басты бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Студенттер ұсынған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі баяндамаларда көптілді білім беруді жүзеге асыру мәселелері ғана емес, сонымен қатар латын әліпбиін енгізу мәселелері, медициналық терминологияны аудару мәселелері және тағы басқа мәселелер қарастырылды.

1379 3

Конференция төрағасы мен модераторларының шешімі бойынша «Көптілділік – заманауи медициналық білім берудің бір басымдылығы» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында үздік баяндама үшін» грамотасымен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»мамандығының студенті Рахишева Дариға, «Шешендік өнері үшін» грамотасымен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының екінші курс студенті Бекенқызы Маржан, «Шығармашылық көзқарас, безендіру әсемдігі және креативтілігі үшін» грамотасымен«Жалпы медицина» мамандығының бірінші курс студенті Темір Нұрила марапатталды.

29.04.2019, 23:58
339 қаралым