"Көптеген дәрілерге төзімді туберкулезді емдеудегі жаңа мүмкіндіктер (КДТ-ТБ) " тақырыбында дөңгелек үстел

2020 жылдың 3 желтоқсанында фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы ОҚМА Терапия-2 кафедрасымен бірге "көптеген дәрілерге төзімді туберкулезді емдеудегі жаңа мүмкіндіктер"тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Туберкулез өзекті тақырып болып табылады, өйткені біздің өңірде көптеген дәрілерге төзімді туберкулездің тұрақты өсуі байқалады. Соңғы 50 жыл ішінде жаңа препараттардың пайда болуына байланысты туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектерге, соның ішінде көптеген дәрілерге төзімді туберкулезді емдеудің жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Дөңгелек үстел осы мәселелерге арналды. Дөңгелек үстел онлайн режимінде, ZOOM платформасында өтті, оған ОҚМА студенттері мен резиденттері қатысты. Касаева Лаззат Татибековна м.ғ. к., ОҚМА Терапия-2 кафедрасының меңгерушісінің презентациясында КДТ-ТБ емдеу түрлері мен режимдері, жаңа препараттар мен емдеу тәсілдері туралы толық ақпарат берілді.

1622 1

 

Дөңгелек үстел жұмысына практикалық денсаулық сақтау өкілдері қатысып, облыстық фтизиопульмонология орталығының 1 терапевтік бөлімінің меңгерушісі, КДК-ТБ облыстық үйлестірушісі Айымбекова Шахризада Ерғалымқызы баяндама жасап, вебинар қонақтарына Түркістан облысында КДК-ТБ таралуы, емдеу режимдері туралы, зерттеудің операциялық жүйелері, яғни емдеудің жаңа режимдерін пилоттық енгізу туралы ақпарат берді. Дөңгелек үстелдің модераторы фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі Ахмадиева Камила Ерликовна "Жаңа ұрпақ технологиялары: туберкулезді толық геномдық секвенирлеу" тақырыбында презентация ұсынды,онда туберкулездің молекулалық диагностикасының экспресс-әдістері, дәлелді медицина тұрғысынан дәрілерге төзімді туберкулезді анықтау үшін толық геномдық секвенирлеуді енгізу және қолдану туралы материал ұсынылды. Сондай-ақ, "Медицина" мамандығы бойынша 1 жыл докторанты Юлдашева Шахсанам Махаматалиевна Қазақстан Республикасындағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы туралы презентациямен сөз сөйледі, КДТ ТБ бойынша ақпарат баяндалды, Қазақстан Республикасындағы туберкулез бойынша статистикалық деректер берілді.

1622 2

Соңында фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі Ахмадиева Камила Ерликовна және Терапия-2 кафедрасының меңгерушісі Касаева Ләззат Тәттібекқызы дөңгелек үстелге қатысушылар мен қонақтарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.Гүлжан Наркенқызы Досыбаева дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына мазмұнды және пайдалы ақпарат үшін алғыс білдірді.

30.12.2020, 04:42
473 қаралым