ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын «ОҚМА» АҚ-на енгізу алдында басшылар мен қызметкерлерді оқыту

1706 1

Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде мемлекеттік және жеке ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық түрлерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін тиімді әрі сенімді құралдардың бірі ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі» халықаралық стандарты болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы қабырғасында парақорлыққа жол берілмейтіндігін паш ету мақсатында ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі» халықаралық стандартын енгізу бойынша ОҚМА басшылығы шешім қабылдаған болатын. ISO 37001:2016 стандартын ОҚМА-ға енгізу алдында басшылар мен қызметкерлерді оқыту көзделді.

2021 ж. мамырдың 13 және 14 күндері «Quality Management Center» ЖШС-і «ISO 37001:2016 енгізу» тақырыбында онлайн оқыту курсын «ОҚМА» АҚ-ның басшылары мен қызметкерлеріне өткізді. Оқыту курсында ISO 37001:2016 халықаралық стандартының өзектілігі ескеріліп, парақорлықпен күресу аясында менеджмент қағидаттары, парақорлық тәуекелдерін бағалау және оларға қатысты жүргізілетін әрекеттер, парақорлықпен күресу саясаты, парақорлықпен күресуде басшылықтың жетекшілік рөлі мен жауапкершілігі, парақорлыққа қарсы орындалатын іс-шаралардың мақсаттары мен оларды іске асыруды жоспарлау бойынша маңызды ақпарат берілді. Сонымен бірге, парақорлыққа қарсы жүргізілетін іс-әрекеттер бойынша міндеттемелерге түсініктемелер беріліп, парақорлыққа жол бермеу бойынша орындалуға тиісті іс-шаралар қарастырылды.

«Quality Management Center» ЖШС-і оқыту курсының нәтижелері бойынша ОҚМА жоғарғы басшылығына, құрылымдық бөлім басшыларына, аудиторлар мен мамандарына сертификат табыстады.

28.05.2021, 06:56
474 қаралым