"Іргелі, қолданбалы медицина және фармация жетістіктері" атты 78-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2024 жылдың 17-18 мамырында Өзбекстан Республикасы, Самарқанд қаласында Самарқанд мемлекеттік медицина университеті базасында Медициналық ЖОО студенттері мен жас ғалымдарының 78-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы “Іргелі, қолданбалы медицина және фармация жетістіктері” атты халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ашылу салтанатын Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Худаяров А.А. және Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің ректоры Ризаев Ж.А. бастады. Конференцияға Кубань мемлекеттік медицина университетінен (Краснодар, Ресей), Синьцзян медицина университеті( Үрімші, Қытай), Самсунг медициналық орталығынана (Сеул, Оңтүстік Корея) , «Мегадента» компаниясы (Берлин, Германия) және т.б. атақты жоғары оқу орындары мен медициналық орталықтарының басшылары қонақ болып, құттықтау сөздерін сөйледі.
Халықаралық конференцияға әртүрлі елдерден – Өзбекстаннан, Қазақстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Ресей Федерациясынан, студенттер мен магистранттар қатысты. Конференция көп тілділік форматында өтті. Онда қатысушылар өз ғылыми жұмыстарын таныстырып, қорғап шықты.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының "Фармация"білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері конференцияда "Оңтүстік Қазақстанда өсетін Бунге киікоты өсімдігінің фитохимиялық зерттеуі", Мырзабек Айдана "Кәдімгі цикорий тамырындағы полисахаридтердің гравиметриялық талдауы" тақырыптары бойынша жобаға бағытталған оқыту нәтижелерін ұсынды. Ғылыми жетекшілері-фармакогнозия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна, Ибрагимова Зауре Ергараевна, Әбілова Арайлым Арманқызы.
Конференция қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының "Фармация" білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері Нұрғалиқызы Анель мен Мырзабек Айдана І және ІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ "үздік ғылыми жұмыс" номинацияларымен марапатталды
Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің ректоры атынан ОҚМА ректоры Рысбеков Мырзабек Мырзашұлына алғыс хат табыс етілді.
Қорытындылай келе, халықаралық конференция медицина саласында әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас және дарынды зерттеушілерге өз жетістіктерін ұсынуға, өз идеялары мен көзқарастарымен бөлісуге және өз тәжірибесімен бөлісуге дайын басқа дарынды жас зерттеушілермен кездесуге болатын тақырыптық секцияларға қатысуға мүмкіндік берді.