Интернет алаяқтық қылмыстарының түрлері және оның алдын алу
2024 жылдың 23 сәуір күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Интернет алаяқтық қылмыстарының түрлері және олардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласының Полиция Департаментінің «Киберпол» бөлімінің топ жетекшісі Жұмабай Нұрсұлтан, Айсаев Алишер Абузарович, Жайлаубек Шынғыс Нұржанұлы, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Іс шараны модератор Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып беріп, келген қонақтарды таныстырып, кездесу мақсатын айтып өтті.
Киберпол бөлімінің топ жетекшісі Жұмабай Нұрсұлтан интернет алаяқтық қылмыстардың мәселесіне тоқталып, бұл бағытта интернет алаяқтық қылмыстың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, және де студенттердің құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында заңнама талаптары түсіндіріп, сұрақтарға жауаптар берілді.
Іс шараны қорытындылаған Шымкент қаласының Полиция Департаментінің Киберпол бөлімінің маманы Айсаев Алишер Абузарович студенттерді интернет алаяқтардан сақ болуға шақырды.