«Интеллект-2015»
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 16 қазанында 1,2 курс студенттерінің «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Интеллект-2015» зияткерлік ойыны өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: өз отанымыз Қазақстанға деген патриоттық және намысшылдық биік сезімдердің қалыптасуна септігін тигізу.
Зияткерлік ойынды докторант Юсупов Бабур жүргізді. Негізгі сайыс 3 топтың арасында қанат жайды: «Потомки Сократа», «Dreamteam» және «Vivat».
Зияткерлік ойынның қатысушылары Қазақ хандығының құрылуы мен егеменді Қазақстанның қалыптасуының тарихы және Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз, өркендеуші елдің құрылуындағы тарихи рөлі жөніндегі терең білімдерін көрсетті.
Сонымен қатар, ойынға қатысушылар ұлттық тарихымыз үшін аса маңызды халықтың мәдени мұрасын, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениетті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеудегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың басты бағыттарымен танысты.
Ойынның 5 туры нәтижесінде «Потомки Сократа» командасы жеңіске жетті, 2-ші орынға «Vivat» командасы, 3-ші орынға «Dreamteam» командасы ие болды.
Соңында, кафедра менгерушісі филос.ғ.к., профессор м.а. Қ.Б.Кемелбеков мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті және барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғысын айтып, келесі номинациялар бойынша марапаттады: «Ең үздік топ» -Vivat, «Ең үздік капитан»-Арипова Санобар және «Ең үздік ойыншы»-Бори Айгерим.