Интеграцияланған оқытуды жүзеге асыру тәжірибесі: проблемалары және перспективалары

Бүгінгі таңда оқытушының лексиконындағы ең кең тараған сөздердің бірі - «интеграция» сөзі.

Интеграция бұрын жеке тұрған элементтерді біріктіру үшін объективті қажеттілік туындаған жағдайда пайда болады. Осы біріктірудің нәтижесінде тұтастық және жоғары функционалдылықпен сипатталатын жаңа жүйе қалыптасады.

1399 1

2019 жылдың 21 мамырында «Медбиофизика және ақпараттық технологиялар» және «Медициналық жедел жәдем мен мейірбике ісі» кафедраларының ұйымдастыруымен «Интеграцияланған оқытуды жүзеге асыру тәжірибесі: проблемалары және перспективалары» атты тақырыбында өткізілген ғылыми-әдістемелік семинарда оқытушылар мен студенттер оқу үдерісінде интеграцияны қолданудың мәселелерін демонстрациялады.

1399 2

Семинарға оқу-әдістемелік орталығының бастығы Ибрагимова А.Г., медицина факультетінің деканы Б.З. Долтаева, «Медициналық жедел жәрдем мен мейірбике ісі» кафедрасының меңгерушісі Сейдахметов А.А., «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Б.О.Торланова және «Қалыпты анатомия» кафедрасының меңгерушісі Б.Д. Танабаев, сондай-ақ әр түрлі кафедралар мен бөлімдерден оқытушылар қатысты.

1399 3

Семинар барысында келесі мәселелер: оқу үдерісінде интеграцияның қандай формалары бар, дәстүрлі және инновациялық білім беру технологияларын қалай интеграциялау, пәнаралық интеграция нәтижесінде студент қандай білім алуы, ғылым мен білім беруді қалай қосу және т.б. талқыланды:

Семинар іскерлік, достық және жайлы атмосферада өтті. Ұсынылған тәжірибе барлық қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

22.05.2019, 22:26
374 қаралым