«Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі» семинары

2022 ж. 14-17 қыркүйек аралығында Павлодар қ. Торайғыров университетінде «Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі» атты әдістемелік семинар өтті. Оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы, Торайғыров университеті және «BTS Education» ЖШС болды. Семинар жұмысына «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасының меңгерушілері ф.ғ.к., қауым. профессор Тоқсанбаева Жанат Сәдебекқызы, «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушілері м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Әшімханқызы қатысты.

Төрт күндік интенсив Қазақстанның түкпір-түкпірінен жоғары білім беру жүйесінің 130 өкілін жинады. Семинар бағдарламасына енгізілді: білім берудегі стратегиялық өзгерістер бойынша сараптамалық сессия, «Қазақстанның стратегиялық дамуындағы білімнің рөлі» дөңгелек үстелі, «Білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі Стратегиялық құндылықтар» интерактивті сессиясы, инновациялық білім беру бағдарламаларын оқытудың мақсаты мен нәтижелерін әзірлеу бойынша практикаға бағытталған сессия (топтардағы жұмыс), Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша практикалық сессия, инновациялық білім беру бағдарламасының контентін талдау, инновациялық білім беру бағдарламаларының оқу пәндерін сипаттау.

Семинар барысында жоғары оқу орындарына инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және оларды оқу процесіне енгізуді үйрену қажеттілігі, жаңа әзірлемелер университеттердің өңірлік ерекшеліктеріне және олардың миссияларына сәйкес келуі тиіс екендігі атап өтілді. Әдістемелік семинар барысында әзірлеушілер инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Сараптамалық сессияны өткізу кезінде диалог алаңында қазақстандық жоғары оқу орындары үшін бірнеше өзекті мәселелерді шешу жолдары ұсынылды.
Тәжірибеге-бағытталған және интерактивті сессиялар инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу дағдыларын үйретуге бағытталған. Диалог алаңына қатысушылар командаларда әзірленген өз жобаларын таныстырды. Әрбір топ университетті, оның стратегиясы мен миссиясын, оқу бағдарламасының қандай болуы керектігіне байланысты оқыту нәтижелерін ұсынды. Қатысушылар инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу дағдыларын меңгерді.

ToU ректоры Еркін Садықов семинарға өз қызметкерлерін жіберген барлық жоғары оқу орындарының басшыларына алғысын білдірді, университеттер жас ұрпақтың жоғары білім алуға деген сұранысының деңгейіне сәйкес келуі керек, әрбір жоғары оқу орны өз аймағының проблемаларына жауап беруі керек, бір-бірімен тәжірибе алмасудың маңызы зор екенін атап өтті. Одан әрі ынтымақтастық міндетті түрде жалғасатын болады. Семинар қорытындысы сертификаттар берумен аяқталды.

 

19.09.2022, 17:21
710 қаралым