«ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨРЛЕУІНІҢ ДРАЙВЕРІ»

 564 1

Осындай атаумен VIII Астана  экономикалық  форумы  өтті. Бұл тақырып  аясында  инфрақұрылымның   заманауи жағдайда қалыпты дамуының  маңызды факторы  ретінде  жаңғыртылуы және дамуы қарастырылды. Жарыссөз  қатысушылары  ретінде БҰҰ, БЭСД, Бүкіләлемдік банк, АДБ, Еуразиялық экономикалық  комиссия және т.б .  алдыңғы  қатарлы халықаралық ұйымдар  қатысты.  VIII АЭФ  жұмысына 90 елдің  саяси, экономикалық және іскерлік шеңберінен 3000-ға жуық өкіл қатысты.

 

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕСТІҢ  ИНТЕГРАЦИЯСЫ : ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ЭКОНОМИКА ҮШІН  КАДРЛАР  ДАЯРЛАУ

ҚР БҒМ,ҚР БҒМ ҰК экономика институты және  Ақпараттық-сараптамалық  орталық АҚ ұйымдастырған бұл панельдік  сессияда Әлемнің  он елінен  жүзге жуық өкілі қатысты.

564 2

Панельді сессияны аша отырып, ҚР білім  және ғылым  вице-министрі Такир Балықбаев  айтқаны келесі  болды: тақырыптың  таңдалған себебі-мәселенің өзектілігінде,  себебі ғылым, білім және бизнестің интеграциясы, инновациялық  экономикалық  үшін кадрлар даярлау ғаламдық  тренд  болып  табылады Осыған  орай әр ел өзінің экономика ерекшелігіне, даму деңгейіне  қарай өз орнын табуда

564 3

Қазақстанның өзіндік артықшылығы –дамыған фундаменталды ғылымы, білімнің, оның ішінде математикалық, жаратылыстану-ғылымдық және техникалық ғылымдардың  дамуы.  Мамандардың  кең дүниетанымы, ғылыми және  технологиялық мәселелерді шешудегі  өзіндік  бағыттар фундаменталды әсерге қаланған жаңа,  қарқынды технологияны қалауда Қолданыс  табады. Бұл нақты  басымдықтар  еліміздің  инновациялық  экономикаға  өтуіне себеп бола алады.

564 4

Алғысөзбен ҚР Премьер –министрінің орынбасары Б.Сапарбаев  шықты. Ол айтып  өткендей, Қазақстан 30 дамыған  елдердн қатарына кіргелі отыр. Елбасымыз алдымызға  қойған мақсаты - бәсекеге қабілетті, жоғары білікті кадрларды даярлау, олар  елімізге  өте қажетті  ғылыми, білім және бизнестің интеграциясына қомақты үлес косады. Бiз космостық техникада, робототехникада, жасыл  экономикада өте көп жұмыс  жасауымыз қажет, оның ішінде білім жүйесінде, жаңа типті университет  құрылымында  жаңа трендтер  құрылуы қажет, 10 колледж және 10 ЖОО анықталуы керек.

564 5

ҚР Паламенті Сенатының  депутаты,  әлеуметтік-мәдени даму Комитетінң төрағасы Ахан Бижанов  осы мақсатқа жетудегі шаралардың  ішінде ғылыми кадрларды  даярлау бағдарламаларының  сапасын жоғарылату,  шетелде жұмыс  жасайтын отандық ғалымдарды жұмылдыру, техникалық, инженерлік, жаратылыстану бағытындағы мамандарды даярлау қажеттігін  атап өтті. Тікелей шетел инвестициясын тарту  бойынша тиімді  механизм болатын және инновациялық  кәсіпорын  жасаудағы платформа бола алатын кластерлерді  құруға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ жооларда  корпоративтік баскаруды және автономияны енгізу кажет. Еуразия ОЭСР елдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру Бағдарламаларынің басшысы Антонио Сомма бүгінгі таңда дағдыларды алу - жаһандық валюта екенін атап өтті. Бүгінде көшбасшы болғысы келген елдер адами қорға көніл бөлу керек, соның жарқын айғағы ретінде « Болашақ»бағдарламасын атап өтуге болады.

564 6

Сколков ғылым және технология институтының даму бойынша вице – президент, қамқорлық кеңесінің жауапты хатшысы Алексей Ситников келесі сұрақ қойды: « Университтетер неліектен алдына қойған міндеттерді орындай алмайды?  Жауап оңай: ғылымдар жұмыстары қажетсіз » Жабысып қалған « фокустан» алшақ кетіп, нарықтық технологияға көшу қажет. Үш талапқа сай болу керек: ғылымдар, өнеркәсіп және компанияның, сапанын шоғырлануы. Назарбаев Университеті шетел жооларымен серіктестік қарым – қатынасты нығайтуда жарқын айғақ бола алады. Ол жерде бизнес –инкубатор, коммерциализация офисі жіне технопарк жұмыс істейді, ал 2018 жылы Astana Business Campus ғылыми паркі ашылды. Ресейлік қонақ айтып өткендей, инновациялық жұмыста қуып жету емес, алдыңғы қатарда болу керек немесе әлі жоқ нарыққа көңіл бөлу қажет.

564 7

Панельді сессияның қатысушылары экономикалық дамудағы қол жеткен табыстар, саяси және әлеуметтік тұрақтылық қазақстан дамуын ары қарай заманауи перспективалық негізге жетелейтіні жайлы ойға келді. Панельді сессия жұмысына Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының ректоры, м ғ д, проф. Б.К. Сексенбаев, проректор, фарм. ғ. д,. проф, Б.К. Махатов қатысты.

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА, журналист.

 

01.06.2015, 01:51
609 қаралым