«Инфекциялық және паразиттік ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын-алудың заманауи технологиялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2019 жылдың сәуір айының 8-9 күндері Бухара қаласында халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті, бұл конференцияның жұмысына жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., профессор Абуова Г.Н., PhD, доцент Бердалиева Ф.А., 1-оқу жылының резидент-инфекционисттері Садыхова Д., Мусаева Б., Сауыт Г., қатысты. Абуова Г.Н. «Арбовирусты инфекциялар» секциясының модераторы болып тағайындалды, ол «Оңтүстік Қазақстандағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» тақырыбында баяндама оқыды. 1-оқу жылының резиденттері Бұхара медициналық институтында академиялық мобильділік аясында тәжірибелік сабақтар өтіп, дәрістер тыңдайды.
12.04.2019,
00:26
368 қаралым