"Инфекционист" студенттік ғылыми үйірмесі «Үздік презентация» номинациясына ие болды
2017 жылдың 12 сәуір күні ОҚМФА қабырғасында Қазақстан Республикасының Ғылым күніне орай «Студенттік ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі» іс шарасы өтті."Жұқпалы аурулар және дерматовенерология" кафедрасының меңгерушісі м. ғ. к., проф. м.а . Абуова Г. Н жетекшілігімен "Инфекционист" студенттік ғылыми үйірмесі бұл жәрмеңкеге белсенді түрде қатысты.
Студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері үйірменің ғылыми жұмысы мен кафедраның жетістіктері туралы презентация көрсетті. Студенттер ғылыми үйірме жайлы мағлұмат алған соң, «Инфекционист» студенттік ғылыми үйірмесіне кіруге шақырылды.
Конкурстың соңында "Инфекционист" студенттік ғылыми үйірмесі «Үздік презентация» номинациясына ие болды. Бұл кафедраның студенттермен жоспарлы, тынымсыз жұмыс істеу нәтижесі болып саналады.. Бұл көрсеткіштерге: 8 тәжирибиелік зерттеулер, 43 халықаралық, республикалық, жоғарғы оқу аралық баяндамалар, университеттік және басқа халықаралық 83 басылым баспалары, 3 студенттік олимпиадаға қатысуы жатады.